Бүгін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері мен М.Әуезов атындағы 20-сы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Тәуелсіздік күніне орай баскетболдан достық кездесу өтті.
Физикалық күштің анық байқалатын бұл спортта- баскетболшылар сақиналы торқалтаға дөп салған ұтымды голдарды көрсетті.
Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеген бұл жолдастық кездесуде баскетболшылар керемет ойын көрсетіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыластарына бөленді