КГКП "Атырауский колледж сервиса" управления образования Атырауской области в честь" Дня услугополучателя " оказывает услуги населению через портал Egov

1 2 3

 

 

#АТКС

#қызметалушыларкүні

 

 

21 желтоқсан  күні Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің өндірістік оқу шебері  - Қуанышева Жанат Шукирбаевна мен МК-22/01 тобының студенті – Жұбатқан Аружан Әділқызы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты облыстық «Екі жұлдыз» байқауына қатысып, «Туған жер», «Құсни-Қорлан», «I’m alive» әндерін орындап, жүлделі 1-орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2022 12 21 at 10.13.49 WhatsApp Image 2022 12 21 at 10.14.10 WhatsApp Image 2022 12 21 at 14.01.39  WhatsApp Image 2022 12 21 at 14.02.36

 

Бүгін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері мен М.Әуезов атындағы 20-сы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Тәуелсіздік күніне орай баскетболдан достық кездесу өтті.

Физикалық күштің анық байқалатын бұл спортта- баскетболшылар сақиналы торқалтаға дөп салған ұтымды голдарды көрсетті.
Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеген бұл жолдастық кездесуде баскетболшылар керемет ойын көрсетіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыластарына бөленді

2 1 3

WorldSkills Kazakhstan VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

Колледжіміздің атынан Тегісбаев Айбат Worldskiils Kazakstan VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, "Веб-дизайн" құзыреттілігі бойынша "Үздік маман" медальонымен марапатталды. 
Үздік маманды бәйгеге қосқан, дайындаған жетекшісі Қабдуллина Айнат Бақытжанқызына шығармашылық табыс тілейміз

 

1 2 3

7 желтоқсан күні Астана қаласындағы "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында 30 негізгі құзыреттілік бойынша #WorldskillsKazakhstan VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының бірінші конкурстық күні басталды. Worldskills-бүкіл әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру негізінде кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы білім беруді дамытатын үлкен бастама.Маңғыстау облысынан 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы қатысып кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Студенттердің кәсіби шеберліктері сыналатын халықаралық деңгейдегі байқауға республиканың әр өңірінен іріктелген қатысушылардың қатарында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті, «Веб-дизайн» құзіреттілігі бойынша чемпионатқа қатысушы- Тегісбаев Айбатқа байрақты бәсекеде сәттілік және жеңіс тілейміз! Жетекшісі: колледждің информатика пәні оқытушысы, өндірістік оқыту шебері- Қабдуллина Айнат Бақытжанқызы. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Снимок2  WhatsApp Image 2022 12 07 at 11.31.46  WhatsApp Image 2022 12 07 at 11.31.45  Снимок1

             "Кәсіби бағдар беру" – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты сапалы таңдап алуына дайындауға бағытталған іс-әрекет.

"Кәсіби бағдар беру" арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастыру.

Осы бағытта 02.12.2022ж. «Ерте кәсіптік бағдар беру» жұмысы жоспары негізінде  №16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары (ДТЖО-Серикбаева Балсан Кумаровна, Өтесін Айман), колледждің материалдық базасымен, колледж тынысымен таныстырылып, сұрақ-жауаптармен алмасты.

WhatsApp Image 2022 12 03 at 13.13.58 1  WhatsApp Image 2022 12 03 at 13.14.00 WhatsApp Image 2022 12 03 at 13.14.00 1 WhatsApp Image 2022 12 03 at 13.13.59

 

«Еңбек адамын ұлықтайық!»

WhatsApp Image 2022 12 01 at 12.39.09

«Білім» кәсіподағы сайтында «Еңбек адамын ұлықтайық!» атты айдарымен мақалалар жариялануда. Осы орайда, колледжіміздің ардагер ұстазы, ерен екбекшіл, аса мейірімді тұлға Умбеталиева Гульбарам Укасовна туралы сөз қозғауды жөн көрдік.

Қай қоғамда болмасын адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі мамандық иесі бар. Ол дәрігер мен ұстаз. Білімді дәрігер – тәннің шипагері, білікті ұстаз – ой-сананың бапкері. Алғашқысына кездессең, жаның қалады, соңғысына тап болсаң, жолың болады. Тәлім-тәрбие ата-анадан, оқу-білім ұстаздан. Осы екеуі сәйкес келсе, талай ұрпақтың жұлдызы жанып, мәртебесі биіктейді.
Адам баласы «Ұстаз» дейтін ұлы ұғымды ұлықтап, беделін арттырса, тіршіліктің мәні еселенбек. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге.

     Ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, ғылым иесі ғалым да, мал бағып терін төккен шопан да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адамзат құрметпен бас иеді. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Осы теңеуге сай келетін, Ұстаз деген ұлы атаққа ие- Үмбеталиева Гүлбарам Уқасқызы. Ол

1960 жылы 12 қарашада Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келді.

1980-1984жж. Аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алады.

1986 жылдан бастап №6 орта кәсіптік-техникалық училищесінде тәрбиеші болып жұмысқа орналасады. (Қәзіргі таңда Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі).

«Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз» деп данышпандар айтқандай, ғылымдардың патшасы саналған математика пәнінің қыр-сырын үйретуден жалықпай, алдына келген шәкірттерін зеректікке жетелеген ұлағатты ұстаз Гүлбарам Уқасқызының білім беру саласына қосқан еңбегі еселі.

Талай жылғы төгілген тер, тынымсыз еңбек, жалықпай ізденудің қорытындысы білікті ұстаз, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің математика пәні оқытушысы Гүлбарам Уқасқызына 1992 жыл-өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде қосқан үлесі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен; 2012 жыл- Білім саласындағы шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатымен; 2013 жыл-Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін «40-жылдық» мерекелік төсбелгісімен; ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі басқа да марапаттар болып мәуесін төкті.

- Гүлбарам Уқасқызының шәкірттері кешенді тестілеу кезінде математика пәнінен үнемі жоғары көрсеткішке жетіп жүр. Ұзақ жылдық еңбек өтілінде көптеген жетістіктерге жеткен ұстаздан дәріс алып түлеп ұшқан шәкірттер қазір алыс-жақын жерлерде қызмет етеді. Білімнің асқар шыңын бағындырып, ғылымның қиясына өрлеу, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздардың ұстазы болу ешқашан оңайлықпен келмейтіні сөзсіз.

Бір сөзбен айтқанда, ақыл-ойды тәртіпке келтіріп, зеректікке жетелейтін математика пәнінің мәнін ұқтырған Гүлбарам Уқасқызының  мерейі қашанда үстем. Оның ұлағаты мол ұстаздық еңбегі жас ұрпаққа өрісті өнеге болатыны сөзсіз.

В период с 06.06.2022г. по 10.06.2022г. прошел региональный конкурс WorldSkills –Aktau-2022. Наш колледж представил команду из 14 студентов, которые принимали участие в 12 номинациях:

 - Поварское дело

- Кондитерское дело

- Пекарское дело

- Национальная кухня

- Графический дизайн

- WEB – дизайн

- Парикмахер-стилист

- Технология моды

- Технология моды  Deaf Skills

- Бисероплетение

- Информационные кабельные сети

- Войлочное искусство

Наши участники заняли 4- первых места, 4-вторых места,5-третьих места

по номинации «Поварское дело»

      -     Байкуатов Мендыбай (гр.АС-19/01, 3 курс)-занял 2 место;

по номинации «Кондитерское дело»

      -     Сатыбалды Наурызгул  (гр.КД-19/01, 3 курс) заняла 3 место;

по номинации «Пекарское дело»

-         Хайтбаева Феруза (гр.КД-19/01, 3 курс)заняла 2место;

по номинации « Национальная кухня»

      -      Мусаев Қарасай (гр.КД-20/01, 2 курс)-занял 3место;

по номинации «WEB – дизайн»

      -      Тегісбаев Айбат (гр.ТБ-19/01, 3 курс)-занял 1место;

по номинации «Информационные кабельные сети»

      -      Мухамед Файсал  (гр.БЭМ-18/01, 4 курс)-занял1место

      -      Нурханов Жанабай (гр.БЭМ-18/01, 4 курс)-занял3место;

по номинации «Технология моды» Deaf Skills

      -      Амиртаева Алия (гр.ТГ-20/02, 2 курс)-1место

      -      Бектурганова Гульмира (гр. ТГ-20/02, 2 курс)-2место

      -      Рыскалиева Айгул (гр. ТГ-20/02, 2 курс)-3место;         

по номинации«Бисероплетение» Deaf Skills

      -     Жулкеева Амина  (гр.ТГ-20/02, 2 курс)-1место

      -    Амиртаева Алия (гр.ТГ-20/02, 2 курс)- 2место

      -    Бектурганова Гульмира (гр. ТГ-20/02, 2 курс)-3место;

Пожелаем нашим ребятам дальнейших творческих побед и успехов.

На сайте

Сейчас на сайте 81 гость и нет пользователей