Қазақстан Републикасы Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57  және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрығы негізінде «Ақтау  технологиялық қызмет көрсету  колледж» МКҚК  2025 жылдың  05-12 қараша  аралығында бос жұмыс орындары туралы конкурс жариялайды.

Бос жұмыс орындары әлеуметтік желілерге, ENBEK.KZ және колледждің ресми сайтына жарияланады.

Конкурс келесі бос орындарға жүргізіледі:

1. Дене шынықтыру бұқаралық жұмыс жөніндегі жетекшісі – 1.0 жүктеме, негізгі орын

2.Өндірістік оқыту шебері - 1.0 жүктеме, негізгі орын

3. АТҚКК жатақханасының тәрбиеші – 1.0 жүктеме, негізгі орын

конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Құжаттарды осы мекен -жайға жіберулеріңіз сұралады:

130000, Ақтау қаласы , 27 шағын аудан , 58 ғимарат, телефоны 8 7292 413650

Электрондық мекен -  жайы

На сайте

Сейчас на сайте 153 гостя и нет пользователей