1.Арнайы пән оқытушысы (ақпараттық жүйелер) - 1.0 жүктеме, негізгі орын
Біліктілік талаптары:
1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;
2) білім беру мекемесінің бейініне сәйкес білім беру ұйымында немесе ұйымда басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуға тиіс;
Қажетті құжаттар тізімі:
конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға тапсыратын құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы тамыз, сағат 11:00-ге дейін.
Конкурс өтетін күні және жері: 2025 жылғы 17 қараша, сағат 15:00, Ақтау қаласы, 27 шағын аудан , 58 ғимарат, телефоны 8 7292 413650, 8701 543 89 77

