- Педагогикалық кеңес колледждің алқалы басқару органы болып табылады. Ол оқу-тәрбие қызметін дамыту мен жетілдіруді, сондай-ақ педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық өсуін қамтамасыз етеді.
- Білім беру қызметіне қатысатын әрбір қызметкер (әкімшілік, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, сүйемелдеу қызметінің қызметкерлері) жұмысқа қабылданған сәттен бастап еңбек шарты аяқталғанға дейін педагогикалық кеңестің мүшесі болып табылады.
- Педагогикалық кеңес екі айда бір рет жиналып, оқу қызметі, тәрбие жұмысы, педагогикалық ұжымды басқару және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін алқалы түрде шешеді.
- Педагогикалық кеңестің міндетті кезеңдерінің бірі — педагогикалық ұжым қызметінің белгілі бір бағыттары бойынша нәтижелерін жинақтау, талдау және бағалау.